Астанаға түрік актері Бурак Озчивит келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанаға түрік актері Бурак Озчивит келеді

17.05.2015
Астанаға түрік актері Бурак Озчивит келеді

«Махаббатым саған ұқсайды» фильмінің тұсаукесері шеңберінде танымал түрік актері, бұрынғы модель Бурак Озчивит Астанаға келеді, деп күтілуде.

Айта кету керек,  «Сұлтан Сүлейман» телехикаясында Малкочоглу Бали Бей рөлін сомдағаннан кейін Озчивит қазақстандық көрермендердің сүйікті кейіпкеріне айналды.

23 мамыр күні Бурак Озчивит «Қазақстан» Ұлттық  телеарнасының түсірілім алаңына келіп, «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» танымал түнгі шоудың қонағы болады. Актердің қатысуымен өткен бағдарлама Ұлттық арна эфирінде 26 мамыр күні сағат 23:30-да шығады.

Бурак – танымал актер, бұрын модель болған. 2005 жылы түріктің ұлттық «Best Model Of Turkey» атты сұлулық сайысының жеңімпазы атанып, ерлер арасындағы «Best Model Of The World» сайысында жүлделі орынды иеленген.

Шығармашылық жолын Еуропаның танымал брендтерін жарнамалаудан бастаған. 2014 жылы Стамбул қаласында «Balibey Döner» атты жеке мейрамханасын ашқан.

Хабарламаларға жазылу