Медиа тренер Александр Амзиннің «Ақпараттық интернет-журналистика» кітабында қазіргі заманғы жаңа медиа-интернет журналистика бойынша әдістемелік кеңестер берілген.
Жаңалықтардың құрылымы
- Тақырыпты немесе шамамен болашақ тақырыбыңызды жаңалықты жазып болған соң емес, жаңалық жазғанға дейін ойластырыңыз.
- Тақырыбыңызда етістік болсын.
- Тақырыптағы етістік осы шақта болуы мүмкін емес. Жаңалық – болған нәрсе немесе болашақта болатын оқиғалардың хабарландыруы түрінде таралады.
- Интрига жасаудың қажеті жоқ. Түсінікті болғаны дұрыс.
- Тақырыпты нақты беруге тырысыңыз.
- Басқа сайттардың тақырыбын көшірмеңіз. Өз ойыңызды басқалардың ойына қарағанда жеткізу оңай.
- Дереккөзінің хабарламасын оқыңыз. Хаттағы мәтінді түсініп алған соң, жаңалықты хаттан көшірмей жазып шығыңыз.
- Бір мәтінде бірнеше дерек айтқыңыз келсе, тақырыпта ең негізгі жаңалық туралы жазыңыз.
- Жаңалықта кем дегенде екі дереккөзді пайдалануға тырысыңыз.
- Мәтінде бір фактіні екі рет қайталамаңыз.
- Жаңалықты жазып болып, оқып шығыңыз. Егер түсініксіз болса, көңіліңізде сұрақ туындаса, қайта жазыңыз.
- Мәтінде жауабы жоқ сұрақтар болса, ол туралы айтып көрсеткен дұрыс.
- Егер сұраққа жауапты телефон арқылы алу мүмкін болса, телефон шалғаныңыз дұрыс.
- Жаңалықтың құрылымын жаңалықты жазып болғаннан кейін емес, ақпарат жинау барысында ойластырыңыз.
- Оқырманның басты сұрақтарына жауап берген дұрыс: кім, не, қайда, қашан, не үшін, неге?
- Жаңалық бір оқиғаның жалғасы болса, оқырманға түсінікті болуы үшін алдындағы тарихын айта кеткен дұрыс.
- Жаңалық мәтінінде жеке көзқарасыңыз көрсетілмеуі керек. Эмоцияға жол бермеңіз.
- Жазған жаңалығыңыз өзіңізге ұнауы керек.
- Өзіңізге ұнамаған мәтін оқырманға да ұнамайды.
- Мәтінде әр нәрсені орнымен атаңыз. Саясаткерді саясаткер, кинопродюсерді кинопродюсер.
- Барлық ақпаратты 4-6 абзацқа сыйдыруға тырысыңыз. Сыйдыра алмасаңыз мақала жазыңыз.
- Сіз мәтін емес, гипермәтін жазып отырсыз. Мәтінде оқырманға түсіндіру қажет жерлердің бәріне сілтеме қоюды ұмытпаңыз.
- Жаңалық оқырман сайтты бір шолып шыққанда-ақ ұнауы керек. Өйткені жаңалық бір-ақ рет оқылады.
- Жаңалықты шындық іздеумен шатастырып алмаңыз. Сіздің мәтініңіз нақты жағдайда суреттеуші емес, дереккөздерінің ақпаратын жеткізуші ғана.
Аударма және шет тілдері
- Ешқашан автоматты (онлайн) аудармашының көмегіне жүгінбеңіз.
- Онлайн аудармашының көмегіне тек бір ғана жағдайда: қасыңызда жазылған мәтінді түсіндіретін адам болмаса, ондай жалпы не жазылғанын түсіну үшін ғана жүгінсеңіз болады.
- Ағылшын және басқа тілдердегі «калькадан» қашыңыз.
- Сөздіктен іздегенде баламасын іздеген ең бірінші сөзді пайдаланудан қашыңыз.
- Сөздердің баламасын оқып, іздеп, нақты баламасын беруге тырысыңыз.
- Таныс емес сөздердің мағынасын сөздіктен іздеңіз.
- Сіздің іскери ағылшын тілін білетіндігіңіз, мәдени терминдерді білетіндігіңізді білдірмейді. Әрқашан таныс емес сөздердің мағынасын түсініп алыңыз.
- Шетелдіктермен мүмкіндігінше көбірек сөйлесіңіз. Бұл - сіз үшін тегін сабақ.
- Көптеген әріптестеріміз өз ана тіліндегі ғана дерекөздерді оқиды. Шетелдік дереккөздер бәсекелестікте басымдылық береді.
Баспасөз қызметімен қарым-қатынас және этика
- Баспасөз мәслихатына редакцияға пайда әкелетін материал табу үшін ғана барыңыз.
- Уақытты фуршетке емес сұрақтарға жұмсау керек.
- PR-қызметкерлері қолда бар материалдарын алыңыз, қажеттісін өзіңіз таңдап аласыз.
- Ақпаратты тексеру немесе нақтылау үшін баспасөз хатшысына хабарласуға ерінбеңіз.
- Баспасөз баяндамасының өзін басқа дереккөздерін тексеру артық етпейді.
- Әрдайым тікелей дереккөзді іздеуге үйреніңіз.
- Байланыс нөмерлеріңізді PR-мамандарынан жасырмаңыз, олардың айтары көп.
- Қандай жағдай болмасын PR-қызметінің эмбаргосын сақтау қажет.
- Бірақ ақпарат бәсекелестер тарапынан келсе, алдыңғы пункттегі ережені бұзуға да болады.
- Құпия болып қалғысы келген дереккөзіңіз туралы ақпаратты бөтен ешкімге айтпаңыз.
- Мақала жазбастан бұрын пікір білдіру туралы өтініш хат жазып жіберіңіз. 40 минут ішінде жауап болмаса, өзіңіз хабарласыңыз.
- Пошта арқылы өтініш жібергенде сізге толық мәтін келуі мүмкін. Ал телефон арқылы сөйлескенде жылдам ақпаратқа ие боласыз.
- Баспасөз қызметі телефон арқылы пікір білдірмейтін компанияларды да біле жүріңіз.
- Өтінішсіз жіберген ешқандай бағалы сыйлықты қабылдамай, кері жіберіңіз.
- Өз құқығыңызды біліңіз, материады жөндеу туралы кез келген талаптарға көне бермеңіз.
- Кімнен болмасын мәтінді көшіріп баспаңыз.
Корректура
- Бастауыш пен баяндауыштың арасына үтір қойылмайды.
- Редактор мен корректорға сенбеңіз. Олар сіздің кемшіліктеріңізді жасырмауы қажет.
- Фактілер мен арифметикалық есептерді тексеріңіз. Әсіресе есептерді. Өзіңіздікін де, өзгенікін де.
- Жазғаныңызды қайталап оқыңыз.
- Мәтініңізді түзетіп отырған әріптестерге ашуланудың қажеті жоқ. Олардан зиян шекпейсіз.
- Орфографияны автоматты тексеруге сенудің қажеті жоқ.
- Грамматиканы автоматты түрде тексеретін «жасыл сызықтарды» да ұмытыңыз.
- Қандай сөзді жиі қайталап айтасыз? Жаңалық жазу кезінде оларды пайдаланбаңыз.
- 2 жолдан артық сөйлемдерді бірнеше бөлімге бөлуге тырысыңыз. Үтірлерді нүктеге алмастырыңыз.
- Азат жол бірден көрінуі қажет. Әр азат жолдағы ой 3-4 сөйлемге сыйып тұрсын.
- Жаңалығыңызды дауыстап оқып көріңіз. Жаңылып кеткен жерді қайта жазып шығыңыз.
- Оқып түзету кезінде сөздерді сөйлемнің соңынан бастап оқып көріңіз. Мәтінді жұтып қою доғарылады.
- -лық, -лік, -ды, -ді жұрнақтарын барынша сызып тастап отырыңыз.
- Да, де-ні қай уақытта бірге, қай уақытта бөлек жазуды білмесеңіз, басқа мамандық жайын ойлай берсеңіз болады.
- Мәтіннің құрылымынан «мүмкін», «осы арқылы», «дегенмен», «алайда», «сондай-ақ», «айтқандай», «жекелей алғанда», «мысалы», «солай» деген сөздерді алып тастаңыз.
- Түзету үшін мәтінді сізбен жақсы таныс емес адамға жіберсеңіз, мәтіннің сыртқы құрылымына да мән беріңіз.
- Келісу үшін жіберілген сұбат та оқуға жағымды болу қажет.
- Ешқашан төл сөзді қолданбаңыз. Егер жалпы мағынаны беру қажет болса, төлеу сөзді пайдалану қажет.
- Корректордың басты қағидасы: мәтінде қанша қате табылса да, тағы біреуі болады. Мысалы, алдыңғы пункте. Байқадыңыз ба?
- Өз стиліңізбен жұмыс істеңіз. Норы Гальдың «Өлі және тірі сөз» кітабын оқудан бастауға болады.
- Сала құлаш тіркестерден арылыңыз.
- Лауазымдарды қысқартып отырыңыз.
- Ал синонимдерді кеңінен пайдаланыңыз.
- Грамматикалық нұсқаулықтарды жиі оқып тұруға ерінбеңіз.
- Стилистикалық тұрғыда барынша нейтральді жазыңыз.
- Көп нүкте мен леп белгісінен құтылыңыз.
- Сөздерді барынша жартылай қалың, курсив, сызылған түрінде аз беруге тырысыңыз.
- Географиялық атаулар мен есімдерге мұқият мән беріңіз. «Гонг Конг», «Бейжің», «Мумбай» екендігіне сенімдісіз бе?
Блогосфера және басқа да әлеуметтік медиа
- Қолжетімді деген барлық әлеуметтік желілер мен блогхостингерге тіркеліңіз.
- Блогтар оқыңыз. Бұл адамдардың болған оқиғаға шынайы көзқарасын білдіреді.
- Бірақ блогерлерге сенбеңіз, олар бір жақты қарайды.
- Ең танымал блогерлер — ең коммерциялық және көп сатылатын блогтар.
- Блогтарда сіз көрген даулы хабарламалардың жартысы арнайы тапсырыспен жазылған. Дереккөз ретінде сілтеме жасағанда ескеріңіз.
- Барлық ірі блогдауларынан хабардар болыңыз.
- Басылымды шолу, блог жазу — қайсысы болмасын ресми құжат емес. Оқырманыңыздың зерігуіне жол бермеңіз.
- Блогтарға шолу жасағанда көбірек сілтеме беріңіз. Сіздің пікіріңіз ең соңынан қызықтырады.
- Шолуға негіз болатындай сюжет дайындап алыңыз.
- Біржақты шолудан аулақ болыңыз, бірден байқалады.
- Әлеуметтік парақшадағы жазбалардың өзі жаңалыққа себепші болады.
- Тіпті олардың өшірілуі де.
- Кез келген ресурстардың сленгтерін үйреніп алыңыз. «Ретвит», «парақша», «репостың» не екенін нақты біліп тұруыңыз қажет.
- Мемлекеттік шенеуніктердің блогтары мен микроблогтарын жиі шолып тұрыңыз, ол жақта да қызық көп.
- Бірақ бұл блогтарды олардың көмекшілері мен арнайы мамандар тікелей тапсырма немесе өздіктерінен жазып отыратындығын ұмытпаңыз.
Қабілет, қулық, өнімділік
- Іздеу жүйелері мен интерфейстердің тілін үйреніңіз. Алған біліміңізді жиі пайдаланып отырыңыз.
- Тек бір ғана іздеу жүйесімен шектеліп қалмаңыз.
- HTML-ді үйреніңіз. Қандай мамандықта болмасын қажет болады.
- Операциялық жүйедегі пернетақтаның үйлесімділігін білу артық етпейді.
- Күніңізді мәтіндік редактор мен электронды кестедегі қосымша мүмкіндіктерді пайдалануға жұмсаңыз. Көп қызықтар табасыз.
- Күрделі бағдарламалық қамсыздандыруды пайдаланбауға тырысыңыз. Өзіңіз білгенмен, өзгелер браузерде құжат оқып, Microsoft Word-да жазуға үйреніп қалған.
- Мессенджердегі ең пайдалы статус - «қолым бос емес».
- Тақырыпты бекіте салысымен бильд-редакторға иллюстрация жасауды өтініңіз. Оның жақсы жұмысқа уақыты көп кетеді.
- Максималды өнімділік үздіксіз 15 минуттық жұмыстан кейін пайда болады. Сізді бөгеуге жол бермеңіз.
- Мәтінге тек материалдың құндылығын арттыратын мәліметтерді қосыңыз.
- Егер компьютеріңізде белгілі бір сайт ашылмаса, жаңалық жазуға асықпаңыз. Мүмкін ол басқаларда жұмыс істеп тұр.
- Ең жылдам браузерді таңдаңыз.
- Браузердің қосымша парақтарын жиі пайдаланыңыз. Бірнеше веб-парақшаларды ашып қойып, салыстыру жасап көруге де болады.
- Егер жиі бірнеше құжатпен жұмыс істейтін болсаңыз, екі немесе үлкен бір монитор пайдаланыңыз.
- Сыртқы шуға көңіл бөлуге мүмкіндік бермейтіндей және еңбек өнімділігін арттыратындай музыка таңдаңыз.
- Жұмыс орныңызды барынша жинақы ұстаңыз. Сіздің миыңыз еркіңізден тыс алаңдай береді.
- Ірі тапсырмаларды ұсақ өтініштермен алмастырып отырыңыз. Күрделі істі аяқтаған соң қарапайым нәрсеге көңіл бөлу керек.
- Уақытты есептей біліңіз. Нақты қанша сағат ішінде бітіретіндігіңізді білмей жатып, материалды уақытында тапсыруға уәде бермеңіз.
- Сіз өзіңіз ұсынған мәліметтерге жауап бересіз. Сондықтан даулы мәселелерде Википедияға жүгінбеген абзал.
- Орындайтын істердің тізімін жасап, сізге ең ұнамайтынынан бастаңыз.
- Барлық файлдар мен мақалалар қол астыңызда болу үшін Dropbox (http://www.dropbox.com) тәрізді бағдарламаларды пайдаланған жөн.
- Егер жиі жазбалар жазып қалдыратын болсаңыз, Evernote (http://www.evernote.com) тәрізді бағдарламалар көмекке келеді
- Флешка мен дискілерге сенбеу қажет.
- Егер нақты тақырыпты жазбайтыныңызды білетін болсаңыз, «біздің форматымыз емес» деген сөз көмекке келеді.
- Мәтін жазу кезінде жанр ауыстырмаңыз. Соңы жақсылыққа апармайды.
Мониторинг және жаңалық
- Сіздің тақырыбыңызға қатысты ең ірі басылымдар мен блогтарға жазылып, оларды әр күн сайын оқып отырыңыз.
- Әр таңыңызды газеттермен бастап, кешіңізді қорытынды жаңалықтармен аяқтаңыз.
- Көңіліңізге жақпаған тақырыптарға кейде зер салып қарап, жазуға байқап көріңіз. Сіз ойлағаннан да басқаша болу мүмкін.
- Арнайы тақырып жазып отырсаңыз, күнделікті жаңалықтарды оқып отыруды ұмытпаңыз.
- Өзіңіз үшін RSS-ридер, жекелей алғанда Google Reader ашып қойыңыз.
- Дереккөздеріңізді тақырыбы, маңыздылығы бойынша сұрыптап қойыңыз. Аймақтық жаңалықтар оқып отырып, Bloomberg агенттігінің хабарламаларын қараудың қажеті жоқ.
- Жаңалықтан агенттік жазғаннан да бөлек ойды байқауға тырысыңыз.
- Кейде «шұғыл, маңызды» деген жаңалықтардың салмағы статусынан да аз болуы мүмкін.
- Мониторинг кезінде сізге емес, аудиторияға қызықты жаңалықтарға баса назар аударыңыз.
- Жаңалықтың салмағы көп жағдайда ньюсмейкерге байланысты. Әскери қылмыскерді орденмен марапаттау кез келген басқа марапаттаудан маңыздырақ.
- Бірінші дереккөз - сіз бірінші оқыған емес, жаңалықты бірінші хабарлаған ресурс.
- Агрегаторларда жиі-жиі ең қызықты жаңалықтар шығады, бірақ бірнеше сағат кешірек.
- Егер шетелдік жаңалық қазақстандық агенттіктен алынса, онда 99 пайыз оның дереккөзі болады.
- Өзіңізді қызықтырған саладағы компаниялар мен ұйымдардың баспасөз қызметімен байланыс орнатыңыз.
- Аптасына бір рет таныс емес сайттарды аралып шығыңыз.
- Достарыңыз бен әріптестеріңіз жіберген сілтемелерге назар аударыңыз. Олардың дереккөздері де маңыздылыққа ие болуы мүмкін.
Өмірлік ережелер
- Егер көмекшіңіз болса, оны бақылаңыз, бірақ оның орнына жұмыс істемеңіз.
- Күшіңізді есептеңіз. Жүйке жүйелеріңіз бен жүрегіңіз «мәңгілік қозғалтқыш» емес.
- Бірақ өзіңізді аяудың да қажет жоқ, бұл еңбек өнімділігін азайта түседі.
- Соңғы шыққан фильмдер көріп, кітап оқыңыз. Әрдайым қажет болады.
- Оқырмандармен қарым-қатынас кезінде ашық түрдегі дөрекілікке жол бермеңіз.
- Қоқан-лоққыларға атүсті қараға болмайды.
- Қандай-да бір әрекетті не үшін істейтініңізді білмесеңіз, ол қадамға бармаңыз.
Материал 7kun.kz сайтынан алынды.
ФОТО: digitalmanagers.ru