Саудиялық журналистің заттары табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саудиялық журналистің заттары табылды

24.10.2018

Өлтірілген журналист Джамаль Хашоггиге тиесілі болуы мүмкін компьютер мен құжаттар Сауд Арабиясы консулдығының автомобилінен табылды. Стамбулдың Сұлтанғазы ауданындағы паркингте тұрған көлікке тінту өткен тәулікте жүргізілді.

CNN Turk телекомпаниясының хабарлауынша, заттар екі шабаданға салынған екен. Полиция машинаны тексеруді бүгін де жалғастырады деген мәлімет бар.

Сауд Арабиясы тілшінің өлтірілгенін қазанның 22-де мойындады. Монархия үкіметінің мәлімдеуінше, Хашогги шынында да консулдықта жан тәсілім еткен. Бірақ, Саудия билігі бұл операция жайында ештеңе білмеген.

Сейсенбі күні король Салман марқұм журналистің отбасымен кездесіп, көңіл айтты. Айта кетсек, бұған дейін Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Хашоггиге қастандықтың алдын ала жоспарланғанын айтқан еді.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу