Илья Ильин журналистің сәуегейлігіне таңғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Илья Ильин журналистің сәуегейлігіне таңғалды

23.01.2014
Илья Ильин журналистің сәуегейлігіне таңғалды
Қазақстандық ауыратлетші, екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин Instagram-да жарияланған өзінің бала күнгі суретіне қатысты пікірін білдірді.
 
«Бұл суретті бүгін «Aidarmax» (Айдар Махметов - «Самұрық-Қазына» компаниясы Қоғаммен байланыс департаментінің директоры) Instagram желісінде жариялады. Сурет «Казахстанская правда» газетінде 1998 жылы «Болашақ әлем чемпионы Қызылордада тұрады» деген атаумен  басылып шыққан. Мен ол кезде 10 жаста болатынмын. Спортта бүгінгідей жетістікке жетерімді  дәл болжаған сол журналист сәуегей болар», дейді ол.
 
Ал интернет қолданушылары суреттің авторы фототілші Юрий Беккер екенін айтуда.
 
Айта кетейік, Илья Ильин – қазақстандықтар арасынан тұңғыш рет екі дүркін Олимпида чемпионы атанған спортшы.

Хабарламаларға жазылу