Непалда құтқарушылар қираған үйдің астында қалып қойған 4 айлық баланы шығарды (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Непалда құтқарушылар қираған үйдің астында қалып қойған 4 айлық баланы шығарды (ФОТО)

30.04.2015
Непалда құтқарушылар қираған үйдің астында қалып қойған  4 айлық баланы шығарды (ФОТО)

Катмандуда құтқарушылар тобы қираған үйдің астында қалып қойған  4 айлық баланы шығарды. Сәби бір тәуліктей қирандының астында жатқан, деп хабарлайды CNN.

Алғашында құтқарушылар баланы таба алмай, қайтыс болды деп ойлаған. Алайда, біраз уақыт өткен соң, олар баланың жылаған  дауысын естіп, іздеуді жалғастырған.

Нәресте ешқандай жарақат алмаған, тек  аштықтан әлсіреген.  Дәрігерлердің айтуынша, қазір жағдайы тұрақты.

Айта кетейік, өткен сенбі күні  таңертең Непалда  магнитудасы 7,9 жер сілкінісі болды. Зілзала кіндігі Катмандудың солтүстік-батысында 81 шақырым жерде болған.

Нәтижесінде Непалдың тарихи бөлігі зардап шекті. Онда  бірнеше ғасыр бұрын салынған ғимараттар қираған. 

Сондай-ақ, 26 сәуірде магнитудасы 6,7  балл жер сілкінісі қайталанған.

Хабарламаларға жазылу