Кахраманмарашта құтқарылған 16 сәби Анкарадағы клиникаларға жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кахраманмарашта құтқарылған 16 сәби Анкарадағы клиникаларға жеткізілді

09.02.2023

Түркияда үйінді астында қалғандарды құтқару сәті түсірілген жүректі елжіретер видеолар көптеп тарап жатыр. Соның біріне назар аударсақ. Адыяман қаласында жұмыс істеп жатқан құтқарушылардың 7 жастағы Ахметті үйінді арасынан шығарып алғанын көруге болады. 70 сағат бойы қираған үйдің қабырғалары астында қалып қойған бала періштесі қағып, аман қалған. Ол құтқарушыларға өзінің мектептен қалмауы керектігін айтқан.

Өздеріңіз көргендей, сәбилерді ел Президенті Ердоғанның ұшағына алып кіріп жатыр. Кахраманмарашта қиранды астынан аман шыққан 16 сәби Анкарадағы клиникаларға жеткізілді. Нәрестелердің ата-анасы зілзалада көз жұмған. Түркияның бірінші ханымы Эмине Ердоған бұл балалардың келешек тағдырына жауапты екенін жеткізді.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу