Шахмұрат Муталип: Дүниежүзіндегі жалғыз ұйғыр театры Қазақстанда орналасқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шахмұрат Муталип: Дүниежүзіндегі жалғыз ұйғыр театры Қазақстанда орналасқан

30.04.2015
Шахмұрат Муталип: Дүниежүзіндегі жалғыз ұйғыр театры Қазақстанда орналасқан

Өзбек мәдени орталығының төрағасы Абдулхалел Оралбаев, осы орталықтағы жастар ұйымының жетекшісі Феруза Артықова, ұйғыр мәдени орталығы төрағасының орынбасары Шахмұрат Муталип және Эльмира Дамулаева бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.

«Кешегі өткен Президентті ұлықтау рәсімі жоғары деңгейде болды. Ерекше руһтанып қалдық.  Шара барысында жылы сөздер айтылды. Өз басым бұл күннен руһани азық алдым. Сондай-ақ, салтанатты шарада баса назар аударылған «Қазақстан-2050» стратегиясы, «Нұрлы жол» бағдарламасы, ел алдындағы 5 ауқымды міндет, басқа да мемлекеттік бағдарламалар – біздің болашаққа деген сенімімізді арттырды»,-дейді Шахмұрат Муталип.

«Біздің орталық 2006 жылы Алматы қаласында құрылды. Мақсатымыз –  дәстүр, салтымызды осында тұратын өзбек бауырларға  жеткізу. Айта кету керек, біз тек өзбек халқының салтын ғана емес, сондай-ақ, қазақтың да ұлттық дәстүрін жастарға насихаттау жолында қызмет етеміз»,-дейді Абдулхалел Оралбаев пен Феруза Артықова.

Ал, ұйғыр мәдени орталығының қызметіне тоқталған Шахмұрат Муталип: «Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында атқарылып жатқан шаралар жеткілікті. Осы орайда айта кету керек, дүниежүзіндегі жалғыз ұйғыр театры Қазақстанда орналасқан. Театрда Ассамблея жылына орай үлкен шара өтті. Түрлі этносаралық бірлестіктердің басын қосып, «Қазақшаңыз қалай?» атты сайыс ұйымдастырдық.  Жалпы, бұл орталықта көптеген конкурстар, жарыстар жиі өткізіліп жатыр»,-дейді.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу