Қытай: Шыңжандағы жарылыстардан 50 шақты адам мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай: Шыңжандағы жарылыстардан 50 шақты адам мерт болды

26.09.2014
Қытай: Шыңжандағы жарылыстардан 50 шақты адам мерт болды

Қытайдың Ұйғыр автономиялық ауданында орналасқан Шыңжанның кішігірім аудандарында болған жарылыстардан 50 шақты адам мерт болып, 54 адам жарақат алды. Бұл туралы Қытайдың мемлекеттік Синьхуа агенттігі хабарлайды.

Жарылыстар жексенбі күні болған. Алайда, ол туралы ақпарат енді ғана тарады. Жергілікті биліктің хабарлауынша, қаза болғандардың арасында төрт полиция қызметкері, алты бейбіт тұрғын және 40 жанкешті бар.

Жанкештілер жарылғыш заттарды азық-түлік базарларының бірінде, екі полиция бөлімшесінде және дүкенде іске қосқан.

Қытайдың Ұйғыр автономиялық ауданында орналасқан Шыңжанның тұрақсыздық бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Оған себеп, ұйғырлардың бір бөлігіне қытай билігінің аудандарды басқаруы ұнамайды.

Фото: www.bbc.co.uk

Хабарламаларға жазылу