Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ академиялық музыкалық драма театры жаңа ғимаратқа көшеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ академиялық музыкалық драма театры жаңа ғимаратқа көшеді

22.09.2014
Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ академиялық музыкалық драма театры жаңа ғимаратқа көшеді

Астанада Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ академиялық музыкалық драма театры бұрынғы Күләш Бәйсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры ғимаратына көшеді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді.

Оның айтуынша, шағын ғимаратта орналасқан Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ академиялық музыкалық драма театры бұрынғы Күләш Бәйсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының ғимаратын беру туралы шешім қабылданған.

Қазір онда қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Енді елордалық қазақ драма театры әртістері жаңа ғимаратта қойылымдарын көпшілікке ұсынбақ.

Хабарламаларға жазылу