Татулық – тұрақтылық пен тыныштық тірегі
Алғыс айту тұрақтылық пен татулықты нығайтады. Бұл ұйғыр халқының өкілі Шаймардан Нурумовтың пікірі. Оның сөзінше, бірлігіміз күшейсе, тірлігіміз гүлденеді. Тірлігіміз гүлденсе, ірілігіміз күшейеді. Сол кезде елдің де, ердің де алдынан даңғыл жол ашылады. Қазақ халқының арқасында ұйғыр халқы мәдениеті мен дәстүрін сақтап қалды. «Уйғур авази» газеті, Мемлекеттік академиялық ұйғыр театры тұрақты жұмыс істеп келеді. Ал, грек ұлтының өкілі Георгий Иорданиди тәуелсіз Қазақстандағы тұрақтылық түрлі ұлт пен этнос өкілдерінің ауызбіршілігінің нәтижесі деген пікірде. «Грек халқы үшін қасірет пен қайғысы мол жылдарда қазақтар бізді құшақ жая қарсы алды. Ас-суымен, баспанасымен бөлісті. Қазақ халқының арқасында аман қалдық, өсіп-өндік»,- дейді.
Георгий Иорданиди, грек этно-мәдени орталығының төрағасы:
Менің ата-анам Қазақстанға 1942 жылы жер аударылды. Қазақ халқы бізді жылы қарсы алып, бір үзім нанымен бөлісті. Тіпті, бала кезімізде екі қазақ келіншегі бізге үнемі сүт әкеліп беретін. Осының бәрін көрген біздің қазақ халқына тек алғыстан басқа айтарымыз жоқ.
Шаймардан Нурумов, ұйғыр мәдени орталығының жетекшісі:
Өзінің тарихын сақтап қалуға, дәстүрін сақтап қалуға, өзінің ана тілін сақтап қалуға бар мүмкіншілік бар. Осыған әрине бәріміз қуаныштымыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
XXV қысқы Олимпиадаға шолу
17.02.2026, 17:39
Алматылық әжелер өте ұзын сырмақ сырып, рекорд жасамақшы
17.02.2026, 17:38
СҚО-да түз тағыларын қолдан жемдеу маусымы басталды
17.02.2026, 17:36
Маңғыстауда 20 аққудың өлексесі табылды
17.02.2026, 17:35
Жетісу облысында экоакция аясында жастармен кездесу өтті
17.02.2026, 17:32
Шет ауданында 21 медициналық нысан салынды
17.02.2026, 17:27
Жаңа Конституция – уақыт талабы
17.02.2026, 17:24
Жаңа Конституция – болашаққа бағдар
17.02.2026, 17:21