Ғалымдар Тау Китаның маңындағы ғаламшарларды Жердің егіздерi тізімнен алып тастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымдар Тау Китаның маңындағы ғаламшарларды Жердің егіздерi тізімнен алып тастады

25.04.2015
Ғалымдар Тау Китаның маңындағы ғаламшарларды Жердің егіздерi тізімнен алып тастады

Тау Кит жұлдызының маңындағы Жерге ұқсас екі ғаламшар Жердің егіздерi тізімнен алынып тасталды. Өйткені, олардағы «тіршілік аймағы» жарықтың күшеюінен жақында пайда болуы мүмкін, дейді ғалымдар.

Ал, Тау Кита жұлдызының химиялық құрылымын тексеру барысында, онда тіршілік болмайтыны анықталды. Бұл жұлдыздың қойнауында магнийдің Күннен қарағанда көп екені белгілі болған.

АҚШ ғалымдары Тау Китаның компьютерлік моделін құрып, оның эволюциясын зерттеді. Тау Кита жұлдызы жүйесіндегі барлық ғаламшарлардың өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың мантияларының жоғарғы және төменгі қабаттарындағы магнийдің молшылығы - оливин және ферропериклаздың тым көп болуына алып келеді.

Сондықтан да, ғалымдар Жердің егіздері болуы мүмкін делінген е және f ғаламшарларында тұрақты өмір сүруге болатынына күмәнданады.

Хабарламаларға жазылу