Тәліптер Кабул жолдарындағы баррикадаларды алып тастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәліптер Кабул жолдарындағы баррикадаларды алып тастады

17.11.2021
0:00:00
0:00:00

«Талибан» Кабул жолдарындағы бетон баррикадалар мен жарылыстан қорғану үшін тұрғызылған қабырғаларды, өткізу-бақылау пункттерін алып тастады. Мұндай нысандар осы уақытқа дейін тұрғындардың өмірін қиындатып келген еді. Енді қалада көлік қатынасы айтарлықтай жеңілдеп, өзгеріс халықтың көңілінен шығып отыр. Жалпы, баррикадаларды бұзу процесі тамызда басталды. Кабул әкімшілігі тұрғындардың өмірін жеңілдетуге бағытталған басқа да шараларды белсенді түрде қолға алатынын мәлімдеді. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу