Бүгін Астанада «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» атты концерт өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Астанада «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» атты концерт өтеді

22.04.2015
Бүгін Астанада «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» атты концерт өтеді

Жеңістің 70 жылдығына орай Астана қаласында 22 сәуірде өтетін «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» Гала концертіне арнайы шақырту алған тыл еңбеккерлері,  Алатау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Құдайберген Қабдолдин, Алатау аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Сағатолла Таубалды және  Ертай Балбаев  бүгін таңғы бағдарламада қонақта болды.

«Бүгінде біздің ауданда 25 бастауыш ардагерлер ұйымы бар. Ол ұйымдар 12553 ардагерді біріктіреді. Оның ішінде 43-і соғыс ардагері, 846-сы тыл еңбеккерлері. Ардагерлер Жеңістің 70 жылдығына орай шығарылған медальдармен арнайы марапатталды. Ал, 43 соғыс ардагерін «Өмір жолы» телефондарымен қамтамасыз еттік»,-дейді Құдайберген Қабдолдин.

Алатау аудандық өнер ұжымының мүшелері Алматы қаласында ардагерлердің қатысуымен өткен ауданаралық өнер сайысында 13  аталым бойынша бірінші орынды иеленген.

«2014 жылы Орталық кеңестің қаулысымен «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» деген байқау өткен болатын. Сол байқауда сегіз ауданның арасында бірінші орынды жеңіп алып, бүгін Астанаға келіп отырмыз»,-дейді Сағатолла Таубалды.

Алатау аудандық хоры «Таңшолпан» студиясында өнер көрсетті.

Хабарламаларға жазылу