Бүгін Астанада Жеңіс күніне арналған концерт өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Астанада Жеңіс күніне арналған концерт өтті

08.05.2017

Бүгін Астанада Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт өтті. Шараны жергілікті өнерпаздар ұйымдастырған. Салтанатты концертке Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев те келді. Ал, ардагерлер - кештің құрметті қонағы.

Сахна төрінде патриоттық әндер әуелете шырқалып, сұрапыл соғыс туралы қойылымдар орындалды. Ерлердің ерлігі әспеттеліп, жастарға үлгі-өнеге көрсетілді.

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу