Бүгін Астанада «Ұлы Дала үні» атты концерт өтеді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Астанада «Ұлы Дала үні» атты концерт өтеді (ВИДЕО)

20.11.2015
Бүгін Астанада «Ұлы  Дала үні» атты концерт өтеді (ВИДЕО)

Бүгін «Конгресс-Холлда» Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ұлы  Дала үні» атты концерт өтеді.  Осыған орай ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, академик, күйші-композитор, «Ақжауын» ұлттық оркестрінің көркемдік жетекшісі Секен Тұрысбек бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.

«Кешке Ерлан Рысқали, Тамара Асар, Клара Төленбаева, Гүлзира Бөкейханқызы, Алтынай Мамырова және т.б. әншілер қатысады. Концертте әрбір күйіме аз-кем тоқталып, аннотация беремін».

«Өзгелер қызығып қарайтын ұланғайыр жеріміз бар. Найзаның ұшы, білектің күшімен осы жерді сақтап қалған батырларымыз өмірін ат үстінде өткізді. Мұның бәрі айналып келгенде, ұрпақ үшін. Кеште орындалатын «Мәңгілік ел» күйім де осы тақырыпқа арналған».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.

 

Хабарламаларға жазылу