Музыкалық фольклор жинақталған «Ақсақ құлан» кітабы жарыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Музыкалық фольклор жинақталған «Ақсақ құлан» кітабы жарыққа шықты

21.04.2015
Музыкалық фольклор жинақталған «Ақсақ құлан» кітабы жарыққа шықты

Жуырда жарыққа шыққан «Ақсақ құлан» кітабына тоқталған Жанғали Жүзбай: «Биыл Қазақ Ұлттық өнер университетінде тарихи маңызы бар біршама музыкалық фольклор жинақталуда.

Мұның алдында айтыс өнері, қазақтың қара өлеңі туралы бірқатар хрестоматиялық жинақтар шыққан-тын. Ал, бұл – Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Ақсақ құлан» Кетбұға бидің күй мұрасы» атты кітабы.

Кетбұғаның күйлері ғасырдан ауып, бізге жетіп Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Қытай жерлеріне аңыздары мен күйлері кең тараған. Солардың бәрін жинақтап, бұл кітапқа 20 ноталы күйін енгіздік. Кітаптың жаңалығы сол, мұнда күй аңыздарының түпнұсқасы бар»,-дейді.

Жанғали Жүзбай танымал режиссер Мұрат Ахмановтың «Кетбұға би» деген қойылымына музыка жазған. Жинаққа енген музыкалық туындыны жас күйші Ақжусан Иманғазықызының орындауында «Таңшолпаннан» тыңдаңыз.

Хабарламаларға жазылу