Ұлттың ұясы Ұлытауда халықаралық туристік форум өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттың ұясы Ұлытауда халықаралық туристік форум өтті

01.09.2019

Ұлтымыз үшін қашанда ұлы мекен - Ұлытауға бәріміз бір сапарлап қайтқандай болдық. Ұлттың ұясы Ұлытауда халықаралық туристік форум өтті емес пе? Жағырапиялық жағынан қазақ даласының кіндігі Ұлытауда үш жүздің басы қосылып, халқымыз ұлт болып ұйысқан, жұрт болып жұмылған. Осы өлкеде Алтын Орда билеушілері Едіге, Тоқтамыстай ерлер өткен. Ақсақ Темір ат шалдырған. Жошы мен Алаша хан мәңгілік тыныс тапқан. Жошы ханның орны бөлек. Қазақ даласында Жошы ұлысының негізін қалаған тарихи тұлға.

 «Моңғолия Шыңғыс хан тұлғасын халықаралық туризмді дамыту үшін өте тиімді пайдаланып отыр. Ал үлкен ұлы Жошының мазары қазақ жерінде тұрғанын еліміздегі, шетелдегі жұртшылық біле бермейді!» - деді Президент Ұлытаудағы жиында. Ұлытауды халықаралық этнотуризм орталығына айналдыру керек. Алда Алтын Орданың 750 жылдығы. Бұл орайда Жошы хан тұлғасына қатысты түрлі көзқарастан арылып, жаңа ғылыми пайымдауларға сүйену қажет.

Жошы дегенде еріксіз «Ақсақ құлан» күйі де еске түседі. Тарихы Жошы хан мен баласы, тіпті Жошының өзі мен әкесі Шыңғыс ханмен байланыстырылады.

Оқиға желісі біреу – хан баласын аңда жүргенде құлан теуіп өлтіреді. «Кімде- кім баламды естірте келсе, соның көмейіне қорғасын құйдыртам» деген ханның қазаны күймен жеткізген Кетбұғаның көмейіне емес, домбыраның шанағына кұйғызғаны. Қорғасынды көмейге емес, шанаққа құйғызған «Ақсақ құлан»!

 

Хабарламаларға жазылу