Журналист Д.Омаровтың «Жаһанға жайылған жұрт» атты жаңа кітабы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Журналист Д.Омаровтың «Жаһанға жайылған жұрт» атты жаңа кітабы жарық көрді

01.02.2016
Журналист Д.Омаровтың «Жаһанға жайылған жұрт» атты жаңа кітабы жарық көрді

Қытайтанушы  журналист Дәурен Омаровтың «Жаһанға жайылған жұрт» атты жаңа кітабы «Arna-b» баспасынан жарыққа шықты. Бұл - үнемі бір ғана тақырыпқа, қытайтану мәселелеріне терең бойлап жүрген жас қаламгердің үшінші кітабы.

Қытай елінің былайғы жұрт біле бермейтін үлгі-үрдісі, қасиет-қағидасы, салт-санасы, дәстүр-дағдысы елеп-екшеліп, жинақтағы мақалаларға өзек болған. Алып мемлекеттегі қазақ диаспорасының жай-күйі, танымал қандастардың тыныс-тіршілігі жөнінде жан-жақты баяндалған.

Он жылдан бері осы елде тұрып келе жатқан автор өз танымындағы Қытайдың әлеуметтік бейнесін оқырманға кеңірек танытады.

Хабарламаларға жазылу