Бейсен Құранбектің «Парасат биігі» атты кітабы жарыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейсен Құранбектің «Парасат биігі» атты кітабы жарыққа шықты

16.07.2021

Белгілі журналист марқұм Бейсен Құранбектің «Парасат биігі» атты кітабы жарыққа шықты. Туындыға қаламгердің мақалалары, сүбелі сұхбаттары мен ой толғамдары жинақталған. Ол талай адамның жүрегіне үміт сыйлап, көңіліне демеу бола білді. Өмірден күдер үзгендерді қарекет етуге шақырып, көмектесті. Парасат биігін көрсетіп, кейінгі буынға ұлағатты ісімен өнеге көрсетті. Өзіндік дара жолын қалыптастырып кеткен тұлғаның шығармалары енді оқырманға жол тартпақ. Кітапқа қойылған белгілі баға жоқ. Әркім қалаған сомасына сатып ала алады. Сатылымнан түскен қаржы қайырымдылыққа жұмсалады дейді туындыны құрастырушы Есболат Айдабосын.

Есболат Айдабосын, журналист:
Бұл кітап меніңше жас журналистерге, әсіресе спорт журналистикасымен айналысам деген жастарға бұл бір қажетті дүние болады. Одан кейін Бейсентанушыларға қажетті дүние болады деп ойлаймын. Бұл кітап Алматы облысы әкімінің қолдауымен шықты.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу