Нұрғиса Тілендиев – тұңғыш рет қазақтың төл музыкасын төл аспаптарымен оркестрлік үлгіде дыбыстау арқылы, әрі қалай дамытудың тамаша үлгісін көрсетті.
Ол күйді құлақпен сіңіріп, жүрекпен тартатын домбырашы. Содан болар, оның күйлері жүректен шыққан соң, жүректерді баурады.
Кезінде, Еркеғали Рахмадиев: «Н. Тілендиев бір ғасырда бір туып, ғасырлар бойы өзінің өнерімен халқының ортасында өмір сүретін тұлға»,-деп жоғары баға берген.
Мырзатай Жолдасбеков: «Нұрғиса Тілендиев – қазақ даласын сахнаға айналдырып сазға бөленген жасампаз. Музыка өнерінің ашылмай кеткен жұмбағы, шешілмей кеткен сыры, таусылмайтын кені, тот баспайтын асылы, сарқылмайтын бұлағы, сөнбейтін шырағы, талмайтын пырағы, қалқайған құлағы, лапылдаған жүрегі, құламайтын тірегі, ақиқат шындығы, асқақ үні, алтын діңгегі, мінсіз ұстасы, өшпейтін өнегесі, азбайтын рухы, әннің тіккен туы, асқар тауы, күйдің соққан желі, қара дауылы, ақ бораны, мауқымызды басқан, әні елге ем болған балгер, бармағынан бал тамған арқалы домбырашы, кеудесінен күй қоздаған күй – құдірет»,-деп оның өнерін дәріптеген.
Бүгін Ұлттық арнадан Нұрғиса Тілендиев атындағы «Өз елім» IV музыкалық фестивалінің гала-концертін сағат 21:05-те тамашалай аласыздар.