Астанада «Өз елім» фестивалі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Өз елім» фестивалі басталды

30.03.2015
Астанада «Өз елім»  фестивалі басталды

Астаналықтар мен қала қонақтары төрт күн бойы Нұрғиса Тілендиевтің туындыларын тамашалай алады.

Елордада сазгерлікті орындаушылық өнермен ұштастыра білген атақты домбырашының туған күніне орай «Өз елім» атты IV музыкалық фестиваль басталды.

 Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 80-ге жуық үміткер қатысады. Олар «Домбыра», «Дирижер», «Классикалық вокал» аталымдары бойынша бақ сынайды.

Үздік музыканттар 1-сәуірде марапатталады.

 

Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу