«Жұлдыздар соғысы» (Звездные войны) фильмінің жаңа трейлері әлеуметтік желіде қызу талқылануда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жұлдыздар соғысы» (Звездные войны) фильмінің жаңа трейлері әлеуметтік желіде қызу талқылануда

18.04.2015
«Жұлдыздар соғысы» (Звездные войны) фильмінің жаңа трейлері әлеуметтік желіде қызу талқылануда

Фантастикалық киносаганың трейлері фильмнің жеке сайтында таныстырылды. Ендігі барлық интернет-ресурсқа тарап үлгерген «Жұлдыздар соғысының» трейлері әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Көрермендер жетінші эпизодтан Хан Соло мен Чубакканы (Чуи) көретіндеріне риза.  

Фильм туралы журналист Майк Друкер Twitter әлеуметтік желісінде: «Жыламаймын деген едім. «Чуи, біз үйдеміз» дегенді естіп, жылап қоя бердім», - деп жазса, Hollywood Reporter-дің журналисі Борис Кит: «Жаңа тизерді көрген кейбір адамдар тізерлеп отыра кетті», - дейді.

Айта кетейік, «Жұлдыздар соғысы» фильмінің жетінші бөлімінде 30 жылдан кейінгі оқиғалар баяндалады. Туындының режиссері – Джей Джей Абрамс. 

Хабарламаларға жазылу