Н.Назарбаев туралы «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмінің трейлері жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Н.Назарбаев туралы «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмінің трейлері жарық көрді

24.04.2016
Н.Назарбаев туралы «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмінің трейлері жарық көрді

Желіде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмінің трейлері жарияланды.

Ағылшын тілшісі Н.Назарбаевтан сұхбат алу үшін Астанаға ұшып келеді. Мемлекет басшысы оны қонақ ретінде қабылдайды. Сұхбат Президенттің өмір, тағдыр және тәуелсіздік алғаннан кейінгі қиын кезеңдер жайлы әңгімесінің желісінде өрбиді.

Елбасы жазушыны жергілікті салт-дәстүрмен таныстыра отырып, 1984 жылы оның Министрлер кеңесінің төрағасы болып тағайындалғанынан бастап 1991 жылы Қазақстан Республикасының Президенті болғанға дейінгі өміріндегі күрделі кезеңдер туралы баяндайды.

Сценарий режиссері және авторы - ресейлік кинематографист Сергей Снежкин. Соңғы бөлімде Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін Берік Айтжанов сомдайды. Өткен бөлімдерде Президенттің рөлінде Нұрлан Әлімжанов ойнаған. Президенттің қызының рөлін актриса Қарлығаш Мұхамеджанова мен Динара Бақтыбаева сомдайды.

Бұдан басқа картинада: Хью Фрейзер, Алтынай Нөгербек, Игорь Угольников, Сергей Гармаш, Дарья Мороз, Алексей Гуськов, Алдабек Шалбаев, Азамат Сатыбалды, Ғани Құлжанов, Еркебұлан Дайыров, Жанель Мақажанова, Ричард Кордери және Стивен Пейси бар. Фильмнің түсірілімі Қазақстан мен Ресейде өтті.  

Дереккөзі: ҚазАқпарат 

Хабарламаларға жазылу