«Empire» журналы тарихтағы үздік фильмді анықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Empire» журналы тарихтағы үздік фильмді анықтады

01.06.2014
«Empire» журналы тарихтағы үздік фильмді анықтады
Британиялық «Empire» журналы әр алты жыл сайын  «Әр кезеңнің үздік фильмдері» тізімін жасап тұрады. Олар мұны журналдың 250 мың оқырманына сауалнама қою арқылы анықтайды.
 
Бұл жолы бірінші орынды 1980 жылы Джордж Лукастың сюжеті бойынша түсірілген режиссер Ирвин Кершнердің  «Звездные войны. Эпизод V: Империя наносит ответный удар» фильмі алған.
 
Екінші орында Фрэнсис Форд Копполдың 1972 жылы шыққан «Крестный отец» криминалды туындысы болса, үшінші орын Кристофер Ноланның «Темный рыцарь» картинасына бұйырған.
 
Ал үздік ондыққа «Побег из Шоушенка», «Криминальное чтиво», «Звездные войны: Эпизод 4 - Новая надежда», «Властелин колец: Братство кольца», «Челюсти», «Индиана Джонс: В поисках утраченного ковчега» және «Начало» фильмдері енген.

Хабарламаларға жазылу