«Тақтар ойыны» телехикаясының эпизодтары премьераға дейін пираттық сайттарға шығып кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тақтар ойыны» телехикаясының эпизодтары премьераға дейін пираттық сайттарға шығып кеткен

18.04.2015
«Тақтар ойыны» телехикаясының эпизодтары премьераға дейін пираттық сайттарға шығып кеткен

«Тақтар ойыны» («Игра престолов») телехикаясының бесінші маусымындағы алғашқы төрт эпизоды ресми жарияланымға дейін пираттық сайттарға шыққан.

Эпизод жазбалары Pirate Bay және KickassTorrents ресурстарынан ерекше көрінген, деп жазады ВВС.

«Тақтар ойыны» телехикаясының продюсері Грег Спенс түсірілген материалдың ұрлану қауіпі бар екендігін бір апта бұрын айтқан. Бұл материал файлдар түрінде арнайы эффекттер жасайтын студияларға жіберілген. Олардың ұрлануына жол бермеу үшін, файлдарға сандық су белгілері қойылған, ал олармен жұмыс істеген мамандар файлдарды жойғандарын жазба түрде дәлелдеулері тиіс болған.

«Тақтар ойыны» - 1996 жылдан осы күнге дейін Джордж Мартинның «Мұз бен жалын әні» («Песнь Льда и Пламени») атты фэнтези жанрындағы кітаптарының телевизиялық нұсқасы. «Тақтар ойыны» телехикаясының премьерасы 2011 жылдың сәуір айында өткен болатын. Сериал «Эмми», «Алтын Глобус» сынды жүлделерді иеленген. 

 

Фото: © 2013 Home Box Office, Inc.

Хабарламаларға жазылу