Көкпардағы серкенің орнына жасанды муляж қолданылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкпардағы серкенің орнына жасанды муляж қолданылады

29.11.2021

Енді көкпар ойыны серкенің орнына жасанды муляжбен ойналады. Ол туралы Ұлттық спорт қауымдастығының алқа мәжілісінде айтылды. Бұған дейін бүкіләлемдік көкпар қауымдастығына мүше 10 елдің өкілдері ортақ ережені қабылдап, халықаралық жарыстарға жасанды серке муляжын қолдануды бекіткен болатын. Бұл өзгеріс енді елішілік ойындарға да енбек.

Бекболат Тілеуханов,  Ұлттық спорт қауымдастығының президенті:

Әлемдік қауымдастықтың талабы бұл. Сондықтан кейбір нәрселерді жұмсартуға мәжбүр боламыз. Бұрыннан осы нәрсеге қадам басқанбыз, серкені муляжға ауыстыруға әсіресе ресми жарыстарда сол талаптарға өтуді жөн көріп отырмыз.

Алқа отырысында ұлттық спорт түрлеріне енген басқа да өзгерістер айтылды. Теңге ілу ойыны тартысты өтуі үшін теңгелер тізбегі бестен жетіге дейін көбейтілмек. Ал тұқымы азайып кеткен «Қостанай» жылқысына жеке бәйге өткізу ұсынысы алқа мәжілісінде қолдау тапты. Жиында ұлттық спорт түрлерінің дамуына үлес қосып жүрген азаматтар марапатталды.


Хабарламаларға жазылу