«Терминатор» қайтадан түсіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Терминатор» қайтадан түсіріледі

23.02.2014
«Терминатор» қайтадан түсіріледі
«Терминатор» фильмі жаңа нұсқада түсірілмек, деп хабарлайды kinostan.kz.
 
Жаңа «Терминаторда» Джай Кортни ойнайтын болды. Ол Джон Коннордың әкесі - Кайл Ризді сомдауы тиіс.
 
«Терминатор: Әлқисса» («Terminator: Genesis») деп аталатын фильмді Алан Тейлор түсіреді. Қазір Сара Коннар рөлінде - Эмилия Кларк («Тақтар ойыны»), Джон Коннор рөлінде - Джейсон Кларк («Ұлы Гэтсби», «Түнгі қараңғылық», «Заңсыз») ойнайтыны белгілі.
 
«Terminator: Genesis» жаңа трилогияның басы болмақ. Арнольд Шварценеггер өзінің атақты образына оралады деп күтілуде.
 
Айта кетейік, фильм 2015 жылдың жазында прокатқа шығуы тиіс.

Хабарламаларға жазылу