Қарасай ауданында ұйымдастырылған көкпар ойыны тәртіпсіздікке ұласқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарасай ауданында ұйымдастырылған көкпар ойыны тәртіпсіздікке ұласқан

16.05.2022

Алматы облысы Қарасай ауданында ұйымдастырылған көкпар ойыны тәртіпсіздікке ұласты. Ат тізгіндіген жігіттердің делебесі қозып, жолға шығып кеткен. Тіпті тұрақтардағы көліктерге зақым келтіріп, ойран салған. Оқиғаны таспаға түсірмекші болған куәгерлерге де қоқан-лоқы көрсеткен. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша ұлттық ойын 15 мамыр күні аудан әкімдігінің рұқсатынсыз ұйымдастырылған. Көліктері қираған тұрғындар аудандық құқық қорғау органдарына шағым түсірген. Қазір ұйымдастырушылар мен қатысушылар іздестіріліп жатыр.

Нұрсұлтан Тілектесов

Хабарламаларға жазылу