Реджеп Тайып Ердоған: Біз Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналым 10 миллиард долларға жету үшін бар күшімізді саламыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Реджеп Тайып Ердоған: Біз Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналым 10 миллиард долларға жету үшін бар күшімізді саламыз

16.04.2015
Реджеп Тайып Ердоған: Біз Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналым 10 миллиард долларға жету үшін бар күшімізді саламыз

Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоған: «Біз Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналым 10 миллиард долларға жету үшін бар күшімізді саламыз», деді ҚР Президентімен кездесуден кейiн жасалған бiрлескен мәлiмдеме барысында.

«Біз сауда және экономикалық қатынасымызды нығайтатын боламыз. Сондай-ақ, көлік және өнеркәсіп саласында да жұмысты күшейту қажет. Қазақстан мен Түркия арасындағы әлеует жоғары. Халықаралық нарықта Қазақстан Орталық Азия мен Каспий арасындағы дәнекер ретінде үлкен рөл атқарады. Бұл орайда жүзеге асырылған жобалар өңірдің тұрақтылығы мен жақсы өмір сүруіне әкеледі. Біз Қазақстанды Орталық Азиядағы ең сенімді, әрі маңызды серіктес ретінде қарастырамыз», - деді Түркия Президенті. 

Хабарламаларға жазылу