АҚШ Түркияға F-35 жойғыш ұшақтары үшін жабдық жіберуді тоқтатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Түркияға F-35 жойғыш ұшақтары үшін жабдық жіберуді тоқтатты

02.04.2019

Бұған президент Реджеп Тайып Ердоған үкіметінің Ресейден С-400 зениталық зымыран жүйесін сатып алу туралы шешімі себеп. Вашингтон Анкарадан оны алмауды талап етіп отыр. Құрама Штаттар мен НАТО өкілдерінің ойынша, ресейлік ракета кешені F-35 ұшақтарын қадағалауды үйреніп, оны шабуыл алдында осал етуі мүмкін. Түркия С-400 жүйесін 2,5 миллиард долларға сатып алу туралы келісімді Мәскеумен 2017 жылы жасасты. Мұндай қару қазір Ресей армиясында ғана бар. Ал, Түркия оны НАТО елдері арасында бірінші болып сатып алған.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу