Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы ұлғаяды

24.04.2014
Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы ұлғаяды
Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы алдағы уақытта 10 миллиард долларға жетуі керек. Премьер-Министрдің орынбасары Әсет Исекешовпен кездескен Түркияның экономика министрі осылай деді.
 
Оның айтуынша, өткен жылы екі елдің тауар айналымы 3 миллиад 500 миллион долларды құраған. Енді тараптар осы көрсеткішті бірнеше есеге ұлғайтпақ. «Ол үшін экономиканың басым салаларындағы іскерлік ынтымақтастықты кеңейту керек»,- деді Әсет Исекешов.
 
Қазір біздің елде Түркияның 1 мың 600 ірі компаниясы бар. Алдағы уақытта оның саны тағы да артпақ.
 
 
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу