Татьяна Капустина жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында алтын медаль иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Татьяна Капустина жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында алтын медаль иеленді

13.04.2015
Татьяна Капустина жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында алтын медаль иеленді

69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Капустина екі жаттығу қорытындысы бойынша 243 келі (110 + 133) салмақ көтерген.

Бұл Қазақстан Ұлттық құрамасының Перудегі екінші алтын жүлдесі. Осы уақытқа дейін ерлер арасындағы 50 келіге дейін жарыста Игорь Сон Әлем чемпионы атанған.

Сонымен қатар, қыздар арасында Әйгерім Әуелбек (58 келіге дейін) күміс медаль иеленсе, ұлдар арасында Шыңғыс Сағындықов (85 келіге дейін) Әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алған еді.

Хабарламаларға жазылу