Дүниені дүр сілкіндірген II Дүниежүзілік соғыс дүрбелеңі күні бүгінге дейін көпшіліктің есінде. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Сұм соғыстың зардабын мыңдаған қала, милиондаған адам тартты.
Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барып, ел үшін етігімен қан кешті. Олар Сталиниград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Мәскеу мен Ленинград үшін болған ұрыстарда ерліктің ерен үлгісін көрсете білді.
Украина, Кавказ, Беларусь, Қырым, Прибалтиканы азат етті, Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарында Жеңіс туын көтеріп өтті.
Қан майданда қасық қаны қалғанша, жаумен шайқасқан кешегі жауынгерлердің ерлігі ерен. Бүгінде ұрпаққа ұлағатты тәрбие, өшпес ерлік үлгісін көрсетіп келе жатқан майдангерлер де азайып бара жатыр.
Қару асынып, ел абыройын төмендетпеуді мақсат тұтқан қарт жауынгерлердің қадірі қашанда биік.
Бүгін Ұлттық арнадан 22.45-те «Ұлы Жеңіске – 70 жыл» арнайы тележобасын көріңіз.