Астанада «Абылайдың үш арманы» атты театрландырылған іс-шара өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Абылайдың үш арманы» атты театрландырылған іс-шара өтеді

10.04.2015
Астанада «Абылайдың үш арманы» атты  театрландырылған іс-шара  өтеді

Бүгін Астанадағы  С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде  Қазақ хандығының 550 жылдығына  арналған онкүндікті қорытындылаған  «Абылайдың үш арманы» атты  театрландырылған іс-шара  өтеді.  Бұл туралы С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ баспасөз қызметі хабарлады.

Шара барысында Қазақ хандығының құрылу негізі мен хан көтеру дәстүрін  насихаттау мақсатында студенттер арасында өткен брейн-ринг қорытындыланады. Қалалық жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткізілген  «Мен – қазақпын!» атты  мәнерлеп оқудан байқау жеңімпаздарын және Астана қаласындағы мектеп оқушылары (8-11 сыныптар) арасындағы ғылыми-зерттеу жобасының жеңімпаздарын, «2015 - тарихи мерейтойлар жылы» атты студенттердің қабырға газеті байқауы жеңімпаздарын марапаттау өтеді.

Сондай-ақ, «Көнеден жеткен жәдігер» атты көне кітаптар көрмесі ұйымдастырылады.

Хабарламаларға жазылу