Елордада Айдын Айымбетовтың ғарыштық сапардан оралуына орай патриоттық акция өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Айдын Айымбетовтың ғарыштық сапардан оралуына орай патриоттық акция өтеді

10.09.2015
Елордада Айдын Айымбетовтың ғарыштық сапардан оралуына орай патриоттық акция өтеді

Ертең, 11 қыркүйекте, сағат 11.00-де Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Қарсы алды Алаш батырын!» атты патриоттық акция өтеді.

Акция «Байқоңыр» айлағынан «Союз-ТМА-18М» ғарыштық кемесімен әуеге ұшқан қазақ ұланы, ғарышкер-бортинженер Айдын Айымбетов бастаған экипажды және Еліміз бен Елбасымызды құттықтауға арналған.

Іс-шара Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы мен Ата Заңның 20 жылдық мерекелері шеңберінде С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ студенттерінің бастамасымен ұйымдастырылмақ.

Акция аясында 550 студенттің қатысуымен флешмоб және театрландырылған қойылым өтеді.

Айта кетейік, Айдын Айымбетов Жерге 12 қыркүйекте оралады, деп жоспарлануда. Он күнге созылатын сапары барысында ғарышкер бірқатар физикалық-ғарыштық эксперименттер мен Арал және Каспий теңіздерінің экологиясына мониторинг жүргізіп, шаңды дауылды зерттеуде.

Хабарламаларға жазылу