Нұрболат Абдуллин: Тойға арналған әндерге сұраныс жоғары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрболат Абдуллин: Тойға арналған әндерге сұраныс жоғары

10.04.2015
Нұрболат Абдуллин: Тойға арналған әндерге сұраныс жоғары

«Қазір жақсы әндер, тұщымды дүниелер жазу үстіндемін. Тойға арналған әндерге сұраныс жоғары. Халықтың қабылдауы қалай болады, уақыт көрсетер. Кейде ән әншінің атын шығарса, кейде керісінше болып жатады».

«Продюсерім Ақылбек Жеменеймен жұмыс бастадық. Ол кісінің продюсерлігінен гөрі, ағалық қамқорлығы басым. Тың дүниелер жасамақ ойымыз бар. «Сүйгенің қайда?» деген әнге бейнебаян түсіру қолға алынып жатыр. Сценарийдің үш нұсқасы дайын. Әннің авторы – Құрал Молжанов, сөзі – айтыскер ақын Қайнар Алакөзовтікі»,-дейді әнші.

«Әр бағытта ән салатын болған соң, тыңдармандарым да әрқилы. Жеке концерттерімде халық әндерін де, термені де орындаймын. Қазір өзімді әр стильде ән салатын әнші ретінде қалыптастырып жатырмын. Болашақта шет мемлекетерде Қазақ елінің абыройын асыруға осы жағынан қолымнан келгенше тырысамын».

Әншінің орындауындағы «Сүйгенің қайда?» әнін «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу