Ақтауда жол битумына сұраныс жоғары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда жол битумына сұраныс жоғары

22.09.2023

Ақтауда битум зауыты өндіріс көлемін арттыруға қауқарлы. Алайда өнімге сұраныс тек жаз айларында болады. Сондықтан битумды қыста қоймада сақтау үшін өндіріске жаңа технологиялар енгізілуі қажет. Ал оны шет елден жеткізу қомақты қаражатты қажет етеді. Зауыт жұмысымен танысқан Парламент Сенатының депутаттарына осы мәселе айтылды. Сенаторлар «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағындағы жобалармен де танысты. Қазір мұнда 22 кәсіпорын жұмыс істейді. Аталған аумақтың кәсіпкерлерге арналған арнайы жеңілдіктері енді 5 жылда тоқтатылады. Сондықтан олар мерзімін ұзартуды сұрады. Одан соң депутаттар өңірдің кәсіпкерлерімен кездесіп, бизнесті дамытуға кедергі келтіретін заңдарға қатысты мәселелерді талқылады.

Әлібек Нәутиев, ҚР Парламент Сенатының депутаты:

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша алдағы жылдары 4 мың шақырымға дейін жолды жөндеу жұмыстарына қазір ең үлкен проблема болып тұрғаны - бұл битум мәселесі. Мекеменің басшыларының айтуынша, сақтау арқылы оны қай уақытта да сатып алып, кез келген пайдалануға болады. Қаржыландыру мәселесі біздің комитеттің бақылауында болып, алдағы уақытта логистика мәселесі бойынша жұмыс атқарылатын болады.


Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу