Мәскеуде Қазақстан елшісінің кубогы үшін шағын футболдан турнир өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде Қазақстан елшісінің кубогы үшін шағын футболдан турнир өтті

29.10.2019

Қазіргі таңда Ресейде 65 мыңнан астам қазақстандық оқып жатыр. Оның 8 мыңы Мәскеуде. Жастар жылы аясында олар да қалыс қалмады, 100-ден астам шара өткізді. Білекке емес, білімге сенген өскелең ұрпақ Жастар жылының берері мол дейді. Мәскеуде Ресейдегі Қазақстанның елшісінің кубогына арналған шағын футболдан жарыс ұйымдастырылып, оған көршілес елдегі барлық жоғары оқу орны қатысуға мүмкіндік алды.

Нұрболат Андасов, Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің кеңесшісі:

Турнирға 12 команда жиналған. Олар - осы Ресейдегі Қазақстаннан келген студенттер. Келесі айда бізде жастар үшін қазақ күресінен турнир өткізу жоспарланып отыр.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу