Павлодарда «Теңгенің құрылу тарихы» атты көрме өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда «Теңгенің құрылу тарихы» атты көрме өтуде

29.11.2016
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «25 жұлдызды күн» акциясы аясында Павлодарда «Теңгенің құрылу тарихы» атты көрме өтіп жатыр. Көрмеден қазба жұмыстары кезінде Ертіс өңірінен табылған көне тиындарды, орыс патшалығы тұсындағы ақшаларды да кездестіруге болады. Олардың ішіндегі ең ескі монета XIII ғасырда жасалған. Ал, Мичурин балалар үйінің мұражайы еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейінгі айналымда болған банкноттар мен тиындардың алғашқы үлгілерінен бастап, барлық түрін алып келді.


Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу