Білім беруді жаңғырту – бүгінгі заманның талабы. Болашақ мамандардың сауатты, білімді болуы білім ошақтарындағы дұрыс оқытудың нәтижесіне байланысты. Білім жүйесіне бейжай қарауға болмайды. Өйткені, бүгінгі оқушы – ертеңгі маман.
Білімсіз оқушыдан жақсы маман шықпайтыны тағы белгілі. Сондықтан, білім беру саласына мемлекет тарапынан жасалып жатқан түрлі шаралар, жаңашыл бастамалар осы олқылықтардың орнын толтыруы тиіс.
Еліміздегі білім беру саласында қордаланған мәселе көп. Мысалы, мұғалімнің білімсіздігі, оқулық тапшылыы, басшылардың жүгенсіздігі, оқушылардың тәрбиесі, «бармақ басты, көз қысты» әрекеттер, тағысын тағы.
Білім беру саласындағы осы және өзге де көкейкесі мәселелерге байланысты Мемлекет және қоғам қайраткері Сайраш Әбішқызы бүгін 17.50-де «Өзекжарды» хабарында ойымен бөліседі.