Мемлекет басшысы мереке қарсаңында бір топ қыз-келіншекті марапаттады
Әлемнің сәні де, мәні де – әйел заты. Аяулы ару, ардақты ана дегенде толқымас жүрек, шалқымас көңіл бар ма? Көктемнің ең көрікті мерекесі – осынау ғаламат жаратылыс иелерінің қадір-қастеріне жететін, құдіреті мойындалатын сәулелі сәт! Нәзік жандардың жанары нұрға, құшақтары гүлге толатын күн! Жылдағы үрдіс бойынша салтанат Ақордадан басталды. Мемлекет басшысы б0-тан аса марапатты лайықты деп танылған иелеріне табыстады.
Ақордаға көктемнің лебі, сұлулықтың легі келді. Мемлекет басшысы халықаралық әйелдер күнімен қазақстандықтарды құттықтап жатыр. Құрсағына құт дарыған әйелдер қауымын қазақ қашаннан қадірлей білген.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:«Мен сіздерді, халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Бұл мейрам – мейірім мен жылулықтың, даналық пен сұлулықтың нышаны. Әйел – тіршіліктің тірегі, берекенің бастауы. Бұл – ақиқат. «Бесікті де, әлемді де тербеткен» әйелдің жүрегі – ізгіліктің мекені. Сондықтан әйелдің қадірі – елдің қадірі деп айтсақ артық болмайды. Бүгін мен Ақорда төрінде Сіздерге және барша Қазақстан әйелдеріне зор ризашылығымды және алғысымды айтамын.
Тірліктің тынысы тоқсан тарау, сексен сала десек, соның бәрінде әйелдердің де еңбегі мен үлесін көреміз. Олар меңгере алмаған мамандық, иегере алмаған кәсіп жоқ. Ата кәсіппен айналысып, астық егіп, тұтас бір шаруашылықты басқарып отырған аналарымыз да бар.
Шакира Ыдырысова, шаруа қожалығының жетекшісі:Бұл енді марапат 50 жылдың еңбегімнің жемісі деп ойлаймын. Мектеп бітіре салып, 17 жасымнан, Қаратал ауданы, совхозы сауыншылықтан бастадым. Ең бастысы өзіңде ауыл шаруашылығына деген өзіңде ынта болу керек. сүйю керек, жақсы көру керек, еңбектену керек.Мария Зейнелова, ардагер орманшы:
Наурызым қорықта 40 жыл істеймін, не бойынша стаж 55 жыл. Осы өрттен кейін өздеріңіз білесіздер, Аманқарағай жанды, не жанды, сосын қазір ақшаны беріп жатыр, көлікті беріп жатыр, өрт сөндіретін техниканы беріп жатыр.
Рас, соңғы жылдары бірнеше мәрте орманымыз өртенді. Аманқарағайда аман қарағай қалмай бара жатыр еді. Сол кезде ұясына су тасыған қарлығаштай, қызыл жалынмен алысып, тікұшақпен су сепкен пилоттің бірі - Ақерке.
Ақерке Шопатаева, тікұшақ пилоты:Тікұшақ тізгіндегеніме 18 жыл болды. Жерде жүрген бізге онша конфортна емес деп айтсам қателспес едім. Біз әуеге көтерілген сайын өзімізді еркін сезінеміз. Аспанда жүру ол біздің екінші үйіміз.
Президент 66 марапатты табыстады. Олардың қатарында «Отан», «Еңбек даңқы» , «Барыс», «Парасат», «Құрмет» ордендері мен «Шапағат»,«Ерен еңбегі үшін» медалі, сондай-ақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ұстазы сияқты марапат түрлерінің иелері бар. Биік лауазымды тұлғалардан бастап, қоғам белсенділері мен қарапайым сылақшыға дейін сый-құрмет көрсетілді.
Зәуре Мұхамеджанова, сылақшы: 28 жыл істеп келем, зауыт Қобышевада.Петропавл қаласында. Басқа жұмысты білмеймін, істей алмайтын шығармын.Камал Әлпейісова жазушы, аудармашы:
Қуаныштымын. Бұл да менің еңбегімнің жанғңаны деп ойлаймын. Жариялаған кезде де, жазушы, ілеспе аудармашы, мемлекеттік тілдің қорғаны дегені маған өте қатты әсер етті. Сол салада өмірім жеткенше еліме қызмет ете беремін деп ойлаймын.
Бұл жиынға жалғыз адам ғана келмеді. Ол шахматтан әлемнің үш дүркін чемпионы Бибісара Асаубаева. Өкінішке қарай, ол Таяу Шығыста болып жатқан жағдайға байланысты шетелден елге орала алмай отыр. Қазір Бибісара ғана емес, тұтас әлемнің саяси климатында шахмат ойыны жүріп жатқандай. Біздің ұстаным – дипломатиялық дистанция мен диалогқа негізделген. Абай айтқан, «асықпай жүріп, анық бас» қағидасы қазіргі қазықты құрал.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:Республикалық референдумға шығарылған халық Конституциясының жобасы мемлекетіміздің болашағын, даму бағдарын айқындайтын тарихи құжат деп айтуға толық негіз бар. «Әлемдегі ахуал ушығып тұрған уақытта жаңа Конституция Тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайтады, еліміздегі барлық қоғамдық-саяси институттардың қызметіне жаңа серпін береді.
«Арулар - тіршілікке күретамыр, Өмірді бір-біріне жалғап тұрар. Иә, әйелдің басты байлығы –құрсағы. Мемлекеттің байлығы адам десек, сол мемлекетке де, ұлтқа да өлшеусіз сый жасайтын – әйел заты. Сондықтан да , тұтас табиғат түлер шақта әйелдер мерекесінің ұлықталуы бекер емес.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда халықаралық көрме ашылды
06.03.2026, 20:59
Бүгін Ақ Паралимпиаданың алауы тұтанады
06.03.2026, 20:57
Тағдыр сынына мойымаған, қайсар мінезімен көпке үлге болған спортшы
06.03.2026, 20:54
Боччадан республикалық турнир өз мәресіне жетті
06.03.2026, 20:51
Әлем әйелдермен әдемі
06.03.2026, 20:50
Мемлекет басшысы халықаралық Қызыл Крест комитетінің президентімен кездесті
06.03.2026, 20:21
Президент мерекелік концертті тамашалады
06.03.2026, 20:16
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде қалдырды
06.03.2026, 20:15