Боччадан республикалық турнир өз мәресіне жетті
Астанада боччадан еліміздегі алғашқы жаттықтырушы Сұлтанбек Орынбасаровты еске алуға арналған республикалық турнир аяқталды. Тірек-қимыл аппараты зақымданған адамдарға арналған жарысқа елдің 13 өңірінен 120-ға жуық параспортшы қатысқан. Сайыс жеңімпаздарын Парламент Сенатының төрағасы, Қазақстан бочча федерациясы президенті Мәулен Әшімбаев марапаттады. Сенатордың сөзінше ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қолдау – Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бүгінде Президент қолдауының арқасында Қазақстанда параспорт қарқынды дамып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашылып отыр. Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев 19 наурыз күні бочча спортына арналған «Ерекше» фильмінің премьерасы өтетінін хабарлады. Оның айтуынша, бұл туынды паралимпиадалық спорттың маңызын қоғамға кеңінен танытуға ықпал етеді.
Айгерім Таныспаева, қатысушы:
Мен Тараз қаласынан келдім. Жарыстағы атмосфера өте тамаша. Бұл ойын бізге өте қатты ұнайды. Іс қимылымызды дамытады. Денсаулығымызға да пайдасы бар. Бұлшық еттеріміз, денелеріміз қозғалады. Біз жаңа орта тауып, достар тауып, барлығымыз бірдей деңгейде екенімізді сезініп жатырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы