Бүгін Ақ Паралимпиаданың алауы тұтанады
Бүгін Италияда он төртінші Қысқы Паралимпиада ойындары басталады. Күллі әлем көз тіккен додада Қазақстан намысын спорттың 2 түрінен 7 атлет қорғайды. Отандастарымыз ертеңнен бастап жүлдеге таласады. Санаулы сағаттан соң Верона қаласында Ақ ойындар салтанатты түрде ашылмақ. Дайындық барысын қазір Италияда жүрген тілшімізден сұрайық.
Азат Қадырбек, тілші:
Италиямен Қазақстанның уақыт айырмасы 4-сағат. Уақыт белдеуіне әзірге бой үйретіп үлгермедік. Қазір, жерлестеріміз өнер көрсететін Предаццо аймағынан ашылу салтанатын тамашлау үшін жолға шықтық. Бүгінгі ашылу салтанатында ту ұстау құрметі Нұрлан Әлімовқа бұйырды. 38-жастағы жерлесіміз пара шаңғы мен пара биатлоннан әлемдік серия жарыстарының қатысушысы. Жер-жаһан асыға күткен ақ Паралимпиаданың ашылу салтанатын бүгін «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде 23:50-ден бастап тамашалай аласыздар. Ертең 4-бірдей отандасымыз жарыс жолына шығады. Әзірге мендегі ақпарат осы.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:20
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:19
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:17
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:15
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:12
Қайғыдан қаралым жинау – адамгершілікке жат қылық
25.09.2026, 20:08
Дипломатиялық өкілдіктерде ту төмен түсірілді
25.09.2026, 20:07
Қаржылай көмекті жинайтын бірыңғай оператор белгіленді
25.09.2026, 20:04