«Форсаж 7» фильмінің бюджеті анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Форсаж 7» фильмінің бюджеті анықталды

07.04.2015
«Форсаж 7» фильмінің бюджеті анықталды

Сондай-ақ, бірнеше елде прокатқа шығып үлгерген фильмнің кассалық жиын көлемі де нақтыланды. Жаңа ақпарат бойынша, «Форсаж 7» 384 миллион емес, 391,6 миллион АҚШ долларын жинаған. Бұл көрсеткіш бойынша картина кинематография тарихында төртінші орынды алып отыр, деп хабарлайды The Hollywood Reporter.

Туындының алдында тек «Гарри Поттер және Өлім сыйлығы: 2-бөлім» («Harry Potter and the Deathly Hallows: Part 2», 483,2 миллион АҚШ доллары), «Гарри Поттер және аралас қанды ханзада» («Harry Potter and the Half-Blood Prince», 394,4 миллион АҚШ доллары)  және «Кек алушылар» («The Аvengers», 392,5 миллион АҚШ доллары) фильмдері ғана.

Айта кетейік, «Форсаж 7» фильмінде Джейсон Стэтхэм, Дуэйн Джонсон, Вин Дизель, Пол Уокер, Лукас Блэк, Мишель Родригес, Джордана Брюстер, Эльза Патаки, Курт Рассел, Ронда Раузи және басқа да актерлер ойнады. Ал, түсірілім барысында қаза болған актер Пол Уоркерді оның інілері дыбыстайды. Сондай-ақ, кейбір эпизодтарда актердің образы компьютерлік графиканың көмегімен келтірілген.

Фильм қазақстандық прокатка 9 сәуірден бастап шығады. 

Хабарламаларға жазылу