Канадада Тимур Бекмамбетовтың жаңа фильмінің әлемдік премьерасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канадада Тимур Бекмамбетовтың жаңа фильмінің әлемдік премьерасы өтті

29.07.2014
Канадада Тимур Бекмамбетовтың жаңа фильмінің әлемдік премьерасы өтті

Әйгілі продюсер Тимур Бекмамбетов пен режиссер Лео Габриадзенің «Cybernatural» фильмінің әлемдік премьерасы Монреалдағы «Fantasia» кинофестивалінде өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Қорқынышты жанрда түсірілген фильмнің сюжеті бойынша өліп қалған қыз Skype арқылы өзінің сыныптастарымен сөйлесе бастайды. Ондағы барлық әрекет компьютер экранында жүзеге асады.

«Cybernatural» бюджеті аз фильм болады. Себебі, әлі танымал болып үлгермеген жас актерлер түсірілген деген сынды пікірлер айтылып жатса да, кинокомпания оның бюджетінің 500 мың АҚШ доллары құрағанын айтып отыр. Біз осы фильм арқылы қазіргі қоғамдағы өзекті тақырып - кибертерроризмді ашып көрсетуге тырыстық», - дейді Т.Бекмамбетов.

Фильмнің халықаралық прокатқа қандай атпен шығатыны жуырда белгілі болмақ. Кинофорум қонақтарының өтініші бойынша бүгін, 29 шілдеде картинаның қосымша көрсетілімі ұйымдастырылмақ.

Хабарламаларға жазылу