«Форсаждың» әлі үш бөлімі экранға шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Форсаждың» әлі үш бөлімі экранға шығады

17.11.2014
«Форсаждың» әлі үш бөлімі экранға шығады

Universal Pictures әйгілі «Форсаж» франшизасының жалғасын түсірмекші. Бұл туралы компания басшысы Донна Лэнгли хабарлады.

«Форсаждың әлі үш бөлімі экранға шығады. Актер Пол Уоркер бұл хикаяның басты бөлігі болды. Алайда, картинада өзге де актерлер бар. Бұл – дамып келе жатқан франшиза», - деді басшы.

Айта кетейік, «Форсаж 7» фильмінің премьерасы 2015 жылдың 10 сәуірінде өтеді. Басты рөлдерде - Дуэйн Джонсон, Джейсон Стэтхэм, Мишель Родригес, Вин Дизель, Пол Уокер, Курт Рассел, Джордана Брюстер, Лукас Блэк, Джимон Хонсу, Тони Джа. Көптеген эпизодта қайтыс болған Пол Уоркерді оның інілері алмастырды. 

Хабарламаларға жазылу