Лауренсия Орынбекқызы: «АЛЖИР» тұтқындары туралы үнемі жаңа деректер табылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лауренсия Орынбекқызы: «АЛЖИР» тұтқындары туралы үнемі жаңа деректер табылуда

06.04.2015
Лауренсия Орынбекқызы: «АЛЖИР» тұтқындары туралы үнемі жаңа деректер табылуда

«Ақмол ауылында орналасқан «АЛЖИР» мемориалды мұражай кешені 2007 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ашылған. Ақмол ауылының аумағында 1937 жылы халық жауларының жұбайлары үшін «АЛЖИР» лагері құрылған.  Аналарымыздың еш кінәсі болмаған. Тек ана, жар, бала болғаны үшін ғана айыпталды.

КСРО Ішкі істер халық комиссариатының №00486 бұйрығы бойынша 18 мыңнан астам әйел тұтқындалса, оларды үнемі кезеңімен лагерден лагерге ауыстырып отырған. Ал, «АЛЖИРде» бір мезгілде 8 мыңға жуық әйелдің отырғаны белгілі.

Негізінен тұтқында болғандар одаққа танымал саяси және мемлекет қайраткерлерінің әйелдері. Олар – Темірбек Жүргенов, Сүлеймен Есқараев, Сұлтанбек Қожанов, Бейімбет Майлин сынды тұлғалардың әйелдері еді».

«Қазір «Алжир» мемориалды мұражай кешені  «АЛЖИР» лагерінде отырған әйелдерді анықтап, сандық мәліметтер базасын жасауда. Осы арада Мәскеу қаласының «Звенья» баспасынан шыққан «Узницы АЛЖИРа» атты кітабы негізге алынып отыр. Бұл кітапта 1938-1940 жылдары «АЛЖИРде» отырған әйелдер туралы қысқаша мәліметтер берілген»,-дейді Лауренсия Орынбекқызы.

«АЛЖИР» тұтқындары туралы үнемі жаңа деректер табылуда. Өткен жылы қазақтың тұңғыш прокуроры Сүлеймен Есқараевтың әйелі Мәриам Есқараева, қазақтың тұңғыш режиссері Жұмат Шаниннің әйелі  Жанбике Шанина, Қырғыз Орталық атқару комитетінің төрағасы  Сейтқали Меңдешевтің әйелі Рәзия Меңдешева туралы материалдар келіп түсті».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу