Шахмат туралы қызықты деректер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шахмат туралы қызықты деректер

06.02.2016
Шахмат туралы қызықты деректер

Ойынның атын «әскердің төрт бөлігі» деп былай аударуға болады: дөңгелектері, пехота, пілдер, аттар. Ойын VII ғасырда Персияға келгелі жаңа атауға ие болды. «Шатрандж» деген атаудан қазіргі біз пайдаланып жүрген «Шахмат» атауы шықты. Егер, патшаға шабуыл жасалса «шах» деп айтқан. Ол персид тілінен аударғанда «патша» деген мағынаны білдіреді. Ал, «шах пен мат» деген сөз «патша өлді» деген мағынада қолданылған.

Шахмат тарихында ең ұзақ ойынды Иван Николич пен Горан Арисович өткізген. Бұл ойын 1989 жылы Белградта өткен. Партия 20 сағат 15 минутқа жалғасып, тең ойынмен аяқталған. Ойын барысында 269 жүріс жасалған.

Шахмат уақытының қойылуы ойыншылар ұйықтап қалмас үшін жасалған. Әуелде, ойында ешқандай сағат пайдаланылмаған. Қарсыластардың бір партияны бірнеше сағат ойнауға мүмкіндігі бар болатын. 1851 жылғы турнирлердің бірінде ойыншылардың ұйықтап қалуына байланысты басталған партия аяқталмай қалған. Бір жыл шамасында уақыт қадағалау шаралары жүргізіліп жүрді. Бұл уақыт құм сағаттармен есептелді. 1883 жылы британдық Томас Уилсон оның жаңаша амалын - шахмет сағаттарын ойлап тапты.

Психологтардың айтуынша, шахмат ойнау адамның есте сақтау қабілетін жақсартады. Сонымен қатар, қиын сұрақтарды шешіп, күрделі идеяларды ойлап табуға септігі мол. Көптеген адамдар бұл ойынды жоғары ақыл-ой дәрежесі барларға арналған деп ойлайды. Шахмат ойнау арқылы кез-келген адам өзінің ақыл-ой дәрежесін көтере алады. Ғалымдардың дәлелдеуінше, шахмат ойыны барысында адам миының екі бөлігі де жұмыс істеп, концентрациясы жоғарылап, жылдам ойлау қабілеті жақсарады.

Хабарламаларға жазылу