«Таңшолпанда» «Халық таңдауы» атты айдар ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» «Халық таңдауы» атты айдар ашылды

03.04.2015
«Таңшолпанда» «Халық таңдауы» атты айдар ашылды

Күнделікті тұрмыста қолданатын заттардың сапасын қалай анықтауға болады? бұл сауалға «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасының «Халық таңдауы» атты айдары жауап береді. Егер сізді қандай да бір тауардың сапасы толғандырар болса, редакцияға хабарласуға болады.

Ал, «Халық таңдауы» бүгін адам ағзасына пайдалы және құнды тағамдардың бірі – қаймақтың түрлері, ерекшелігі, сапасына тоқталмақ.

Сіз, қандай қаймақты тұтынасыз? Дұрыс таңдау жасап жүрсіз бе? Майлылығына қарай бірнеше түрге бөлінетін қаймақтың қай түрін пайдаланған жөн? Қаймақты қандай жағдайда қолдануға болмайды?  Көшеде сатылатын қаймақты сатып алуға бола ма?

Көрермен тарапынан қойылған осы сұрақтарға бүгін Астана медициналық университетінің профилактикалық медицина және тағамтану кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты Сәуле Кеңесбекқызы жауап береді.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу