Мешін қандай жыл? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мешін қандай жыл?

21.03.2016
Мешін қандай жыл?

Қазақтардың пайымдауынша, мешін – жайсыз жыл. Бұл жылы бүліншілік, сәтсіздіктер мен жайсыз оқиғалардың көп болуы мүмкін. Сол себепті қазақтар мешін жылынан қорқады. Оның себебі де жоқ емес, 1920 жылы қазақ даласында көп мал қырылып, бұл жыл «Тас мешін» деп аталды.

1931-32 жылдарғы алапат аштық та мешін жылына сәйкес келді. Ақ Орда хандығы 1428 – мешін жылы құлады.

Алайда, әр адам жаңа жылдан тек жақсылық күтеді. Мешін жылының басқа қандай ерекшеліктері бар? Бүгін Ұлттық арнадан сағат 23:35-те «Жыл иесі - мешін» арнайы тележобасын көріңіз.

Хабарламаларға жазылу